Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы "Качар қалалық ауруханасы"
0

7-9 сынып оқушылары арасында «Біз туберкулезді тоқтата аламыз!» тақырыбына семинар

2018 жыл, наурыз. №1, №2 Қашар орта мектебінде 7-9 сынып оқушылары арасында «Біз туберкулезді тоқтата аламыз!»  тақырыбына семинар өткізілді. №1 Қашар орта мектебінің медициналық қызметкерлері Джумаева Ж.А., Байназарова А.Б., №2 Қашар орта мектебінің медициналық қызметкері Изтелеуова Г.Ж. және Қашар қалалық ауруханасының СӨС бойынша мейірбике Новоженова Л.В. оқушыларға туберкулез ауруын алдын-ала анықтау және алдын – алу шаралары бойынша ақпараттар ұсынды. Сауалнама өткізілді. Оқушылар тарапыннан туындаған барлық сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар ақпараттық – білім беру материалдары таратылды.